Мұнайлы ауданында қоғамдық қабылдау өтті

10 Қазан, 2019 103 0

Кеше Мұнайлы ауданында «Нұр Отан» партиясының ғимаратында қоғамдық қабылдау өтті. Азаматтарды қабылдауды Мұнайлы ауданының әкімі Р.Т.Елтизаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары С.М.Қаныбеков және «Нұр Отан» партиясының Мұнайлы ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Б.Камалов жүргізді.

Шараға «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері де қатысты.

Түрлі сұрақтармен жүгінген барлық азаматтар қабылданды. Жалпы саны – 15.

Қабылдауға келген азаматтардың басым көпшілігі (8-і) – баспанасыз, үй сұрайды.  3-інің көтергені – жер мәселесі. Сонымен қатар қаржы, жұмыс сұрап келгендер де бар.

Баянды селосының бір топ тұрғыны тұрғылықты жері бойынша газ тартып беру мәселесін көтерді.

Сонымен қатар Г.Бухарбаева деген азаматша өзіне аманатқа қалдырылған ұлты қарақалпақ, Өзбекстан азаматы болып есептелетін баланың бүгінде құжатсыз, 22 жастағы азамат екенін айтып, шешілмеген даулы мәселеге қол ұшын беруді сұрап келген.

Барлық арыз-шағымдар мұқият тыңдалып, заң тұрғысында ақыл-кеңестер берілді.

 

 

Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.