Жаңалықтар

Елордада «Рухы мықты асыл ер» оқушылар сайысы өз мәресіне жетті (фото)

Елордада «Рухы мықты асыл ер» оқушылар сайысы өз мәресіне жетті (фото)

Биыл алаштың арысы, көрнекті ғалым, абайтанушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері ұлағатты ұстаз, ақын, жазушы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 105 жыл. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы сондай-ақ «Руханият» КММ-нің ұйымдастыруымен қайраткердің рухына тағзым етуге арналған мектеп оқушылары арасында «Рухы мықты асыл ер» атты қалалық сайыс өтті. Бұл туралы аталмыш басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталы хабарлайды.  width= Сайыстың мақсаты:
  1. Алаш ардақтыларының аманатын ұлықтап, өшпес мұраларын терең зерттеп, олардың ісін жалғастыру;
  2. Біртуар тұлға Қайым Мұхамедхановтың өмір жолын зерделеу, ел үшін атқарған еңбегін кеңінен насихаттау;
  3. Хакім Абаймен алаш арыстарының арманын биікке көтерген парасат иесінің сан қырларына үңілу;
  4. Құнарлы тіліміздің өрісін кеңейтіп, ұлтына адал отансүйгіш жастарды тәрбиелеу.
Сайысқа қаланың 17 мектебі қатысып, қайраткер шығармашылығы бойынша өзара бақталасты.  width=
«Руханият» КММ басшысы Мейрамғазы Сапарғалиевтің сөзінше жас ұрпақтың бойына Абайтанушы, ғалым, ақын-жазушы Қайым Мұхамедхановтың шығармашылығы мен ғылыми еңбектерін етене таныстыру. Осындай әдеби және мәдени іс-шаралар көптеп өтуі тиіс деген ол, 17 мектеп өкілі қатысып, аталған сайыста бақ сынады. Бүгінгі жоспарлы іс-шара бірінші рет өткізіліп отыр. Алдағы жылы Ахмет Байтұрсынұлының да мерейтойы атаусыз қалмайды – деді М.Сапарғалиев.
Сайыс қортындысы бойынша жүлделі 3-ші орындарға  48 мектеп-лицейінің оқушысы - Алима Қалиева, 87 мектеп оқушысы - Ілияс Мықтыбек және 67 гимназия - Динара Ақмолдаева ие болды. Ал 76 мектеп лицейінің оқушысы - Абылай Қайратұлы мен Дарынды қыз балаларға арналған "Білім инновация" лицей-интернатының оқушысы - Алина Жазылған  екнші орын алды. 1-орынды Әлкей Марғұлан атындағы 40 мектеп оқушысы - Ерсайын Мейрамұлы қанжығасына байласа, Қайым Мұхамедханов атындағы 90 гимназия оқушысы - Ибраш Нұрислам Бас жүлде ие болды. Жүлделі орындарға ие болған азаматтар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.