Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан облысындағы бақылау бекетінде студент полиция қызметкерлерін қағып кетті

Түркістан облысындағы бақылау бекетінде студент полиция қызметкерлерін қағып кетті

Түркістан облысындағы бақылау бекетінде студент полиция қызметкерлерін қағып кетті
ашық дереккөзі

Түркістан облысындағы "Ақтас" өткізу пунктінде, Шымкенттің кіреберісінде студент екі полиция қызметкерін қағып кетті, тәртіп сақшылары ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Ақтас" өткізу бекетінде полиция қызметкерін қағып кетті. Жедел жәрдем келді", - дейді видео авторы. Түркістан облысының полиция басқармасында түсіндірілгендей, жазатайым оқиға 10 мамырда Шымкенттің кіреберісінде болған. "Ақтас" өткізу пунктінде "ВАЗ 21014" көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамай, оларды қағып кетті. Жас жігіт ұсталды. Ол студент, Қазығұрт ауданының тұрғыны болып шықты", - деп түсіндірді облыстық департаменттің баспасөз қызметі. Департамент күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оқиғаның барлық мән-жайы нақтыланды, бірқатар сараптамалар тағайындалды. Екі полиция қызметкері ауруханаға жатқызылды.