Жаңалықтар

Өтемұратов мақтааралдықтарға 10 үй сыйлады

Кәсіпкер-меценат, мемлекет және қоғам қайраткері Болат Өтемұратовтың қоры мақтааралдықтарға 10 үйді сыйға берді.
Бұл туралы танымал журналист және ақын Ғабит Сапарбековтің фейсбук парақшасына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады.
Аудан әкімі Бақыт Асанов баспаналы болған отбасыларды қуанышымен құттықтап, үйлердің кілттерін табыстаған. Аталған үйлер Мырзакент кентінің жаңа мөлтек ауданында орналасқан.
Сондай-ақ, былтыр Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін алғашқылардың бірі болып Болат Өтемұратов қоры 6 миллион АҚШ долларын бөліп, апат салдарынан баспанасыз қалған 150 отбасыға үй салып берген болатын.