Тағы бір қазақстандық азамат Оңтүстік Кореяда көлік апатын жасады

09 Қазан, 2019 115 0

Оңтүстік Кореяда тағы бір қазақстандық азамат көлік апатын жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Апат Чхонан қаласында болды. Қазақстандық азамат жеңіл көлікпен келе жатып, жүк көлігіне соқтығысқан. Полиция апатқа кінәлі адамның жүргізуші куәлігі жоқ екенін анықтады. Оның үстіне ол елде заңсыз жүрген. Шамамен бір жыл бұрын ол Оңтүстік Кореяға турист ретінде келді. Қазір 26 жастағы Қазақстан азаматы Чхонандағы ауруханада емделуде. Ер адам елде заңсыз жүргендіктен және медициналық сақтандыру болмағандықтан, оны емдеу үшін қарыз күн сайын артып келеді және бірнеше мың долларды құрады.

Сонымен қатар, зардап шеккен жүргізуші одан моральдық және материалдық шығынды өндіріп алмақшы. Корея азаматы келтірілген шығынды 10 миллион вон - шамамен 8300 доллар деп бағалады. Бұл соңғы жылдары қазақстандықтардың қатысуымен болған үшінші оқиға.

Тегтер: ОңтүстікКорея, көлікапаты, Чхонан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.