Жаңалықтар

 “Ұлы Дала Өркениеттері”  байқауы мәресіне жетті

 “Ұлы Дала Өркениеттері”  байқауы мәресіне жетті

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ қолдауымен  “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі “Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру” атты жоба аясында межеленген нәтижелерді туралы айтатын боламын. Жоба аясында “Ұлы Дала Өркениеттері” байқауы мен жобасы іске асырылды. Байқауға республикамыздың шалғай кішкентай ауылынан бастап, ірі қаладағы үлкен мектептердің ұжымдары мен оқушылары қатысты. Байқауға 138 орта білім беру ұйымы өтініш білдіріп, 59 ұйым толықтай бекітілген 10 іс шараның бәрің орындап шықты. Ұйымдардың өткізген іс шараларын #ҰлыДалаӨркениеттері хэштегімен көруге болады.
2021 жылғы 18 тамызда Ұлы дала өркениеттері байқауы жарияланды, оның шеңберінде орта білім беру мекемелерінің қатысушылары келесі іс-шараларды орындау қажет болды: 1.«Ұлттың тілі, дәстүрі, мәдениеті — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі» атты жастар мен қазыналы қарияларымызбен кездесу
2.«Тіл мәртебесі — ел мәртебесі» қазақ тіліндегі эссе байқауы 3.«Мәдениет – ұлттық қайта өркендеу коды» атты «дөңгелек үстел» отырысын өткізу 4.«Талант — табиғаттан, талап — өзіңнен» кездесуін өткізу 5.«Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» тақырыбындағы көрме 6.«Дәстүр мен ғұрып» ұлттық дәстүрлерін насихаттайтын театрландырылған қойылым 7.Орта білім беру ұйымдарының арасында «Нағыз Қазақ Қазақ Емес, Нағыз Қазақ Домбыра» тақырыбында флешмоб-акциясын өткізу 8.«Жетістіктің тарихы» жастарға дәріс өткізу 9.«Құндылық — адам жанының алтын арқауы» үздік бейнебаян байқауын өткізу. 10.«Жәдігерлер сыр шертеді» бейне таныстырылым байқауын өткізу. Байқаудың алдын-ала есептеу нәтижесі бойынша барлығы 104 475 бенефициар қамтылды. 59 мектеп байқауға қатысу үшін барлық талаптарды орындады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлыққа ие болады: 1 орын – 1 млн теңге, 2 орын – 500 мың теңге, 3 орын – 300 мың теңге, 4 орын — “ШЫҒАРМАШЫЛ ҰЖЫМ” номинациясы 100 мың теңге, 5 орын — “ЖАҢАШЫЛ ҰЖЫМ” номинациясы 100 мың теңге, 6 орын — “ІЗДЕНІМПАЗ ҰЖЫМ” номинациясы 100 мың теңге, демеуші есебінен 7 орын — «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» қазақ тіліндегі эссе байқауы жоғары деңгейде өткізгені үшін 50 мың теңге, 8 орын — “Жетістіктер тарихы” жастармен кездесулерді жоғары деңгейде өткізгені үшін 50 мың теңге, 9 орын — «Ұлттың тілі, дәстүрі, мәдениеті — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі» атты кездесулерді жоғары деңгейде өткізгені үшін 50 мың теңге. 1 орын — Жамбыл облысы, Меркі ауданы, “Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясы» КММ – 1 млн теңге; 2 орын — Жамбыл облысы, Тараз қаласы, “Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы” КММ – 500 мың теңге; 3 орын — БҚО, Орал қаласы, Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі – 300 мың теңге; 4 орын — Алматы қаласы, 148 мектеп-гимназия КММ — 100 мың теңге; 5 орын — Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Сағашилі жалпы білім беретін орта мектебі КММ — 100 мың теңге; 6 орын — Жамбыл облысы, Ермұхан Бекмаханов мектеп -гимназиясы — 100 мың теңге; 7 орын — Жамбыл облысы, Шу ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі — 50 мың теңге; 8 орын — Шымкент қаласы, №131 жалпы орта білім беретін мектебі — 50 мың теңге; 9 орын — Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №24 лингвистикалық мектеп-гимназия КММ — 50 мың теңге; Ақшалай сыйлық тек Орта білім беру ұйымының қажеттіліктеріне бағытталды. Жобаны іске асыру кезеңінде жетістікке жеткен жастар тарихының портфолиосын құру бойынша меже 50 адам болса, нәтижесінде 112 адам туралы журнал жарық көрді. Жоба аясында «Қасиетті домбыра» бейнетаныстырылымда Тәттімбет Қазанғапұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Жамбыл Жабаев, Дина Нұрпейісова, Нұрғиса Тілендиев домбырашылар туралы бейнероликтер жарық көрді. «Тіл- халық рухы» атты ана тілімізде ақпараттық ресурстар мен әлеуметтік желілерде жарияланымдар дайындалып, инфографика, бейнероликтер, мақалалар жарық көрді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жетістіктің тарихы» республикалық акциясын аясында 39 кейіпкер мен оның ұстаздары туралы мақалалар, бейнефильм жарық көрді. Білім беру жүйесінде жұмыс істеу үшін: мектептерде, ОАОО-ларда, ЖОО-ларда және жастармен жұмыс істейтін басқа да ұйымдар үшін электрондық әдістемелік құралы дайындалып сарапшылардың оның рецензиясын алып, мүдделі мемлекеттік органдар өздерінің жұмыстарына пайдаладықтары туралы хабардар етті. ТОЛЫҚҚАНДЫ АҚПАРАТТЫ youthunion,kz сайтынан көре көре аласыздар. Жобаның табысты тарихына Жамбыл облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Сағынтаев мектептің “Үздік ұстазы” мен “Үздік оқушы” номинациясын қаржылай сыйлық беретін жария етті. Ерболат Саурықов “Халықаралық Тараз инновациялық институтына“ мектептің 11-сынып оқушыларының 2 білім алушысына 100 және 50 пайыздық өз оқу орнының ректорлық грантын бөрілетініндігін, “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС директоры Дастан Айтуленов «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ең үздік оқырман» байқауына демеушілік жасайтынын айтты. Медицина ғылымының докторы, Түркістан облысы, Төлеби ауданының Құрметті азаматы Сайлаубек Шалқаров мектеп оқушыларын іріктеп, медицина жұмыстарын зерттеу мен бірігіп жұмыс жасауға «Жас дәрігер» ұйымын ашуға ниет білдірді. Сондай-ақ, «Талант-табиғаттан, талап-өзіңнен» тақырыбы бойынша өнер иесі Хидиров Зафар Мамадалиевич өнер сүйер шәкірттеріне қамқорлық жасап, өнер мектебіне тегін оқуына жағдай жасады. Таэквандодан ҚР үш дүркін чемпионы Ақерке Басқынбек Шымкент қаласы №131 жалпы орта білім беретін мектебінде тегін үйірме ашатынын айтса, ұлттық аспаптар жасаушы, шебер Сәдібеков Қожабек талап білдіргендерге өз шеберлік сыныбын ашуға ұйғарды. Алматы қаласы, Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Жетістіктер тарихы» тақырыбына сай бағдарлама құрылып, «Yokohama» компаниясының директоры, кәсіпкер, Мәслихат депутаты Нұрымбек Таумен кездесу өтілді. Нұрымбек Тау мырза кездесуге белсенді қатысқан оқушыларға өз атынан спорт киім салатын сумкаларды таратып, оқушыларды қанаттандырып қойды. Жоба аясында тікелей 70 мың, Ақпараттық қамту – 500 мыңнан астам адам қамту керек болса, нақты жоба аясында 124 мың, ақпараттық қамту 700 мыңнан асты.