Масаларды улауға бөлінген 395 млн теңге толық игерілмеген

09 Қазан, 2019 101 0

Жағдайдың жылдан-жылға қайталатындығы түсініксіз.

Елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Қасым-Жомарт Тоқаев масаны жою жұмыстарына назар аударуды сұрады, деп хабарлайды adyrna.kz ұлттық порталы holanews.kz. сайтындағы мәліметтерді негізге ала отырып.

«Бүкіл жаз бойы қаптаған маса қала тұрғындары мен қонақтарына қолайсыздық тудырды. Менің бұл тақырыпта сөз қозғағанымның өзі ыңғайсыздау. Масалар кеше ұшып келген жоқ қой. Бұл жоспарлы жұмыс болуы тиіс», - деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, масаны улауға бөлінген 395 млн теңге қаражаттың тек 65 пайызы ғана игерілген.

«Жұмыс дер уақытында, лайықты үйлестірусіз жүргізілген. Жағдайдың ерекшелігі барынша белгілі. Бірақ, маған жағдайдың жылдан-жылға қайталанатындығы түсініксіз. Басқарушыларымыз бен менеджерлеріміз қандай өзі», - деді ҚР Президенті.

Дереккөз: adyrna.kz


Тегтер: маса, ақша, Нұр-Сұлтан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.