Жаңалықтар

Түркістан: Созақтық депутат көпбалалы анаға баспана сыйлады

Түркістан облысы, Созақ ауданына қарасты Қарағұр ауылының тұрғыны Мақпал Тұрсынбаеваның үйсіз жүргеніне 4 жыл болды. Бүгінде көпбалалы ана 4 баланы жалғыз өзі асырап отыр.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай кәсіпкер, «Nur Otan» фракциясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Бағлан Сүгірбаев жалғызбасты анаға 5 бөлмелі үйдің кілтін табыс етті. Үймен қамтамасыз еткен кәсіпкер азаматқа ауыл тұрғындары да дән риза. «Тұрмыс тауқыметін тартып жүрген жанға көмек қолын созу – біздің азаматтық парызымыз», – дейді Бағлан Қанжарұлы. Айта кетейік, Созақ ауданында 200-ден астам көпбалалы ана үй кезегінде тұр. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі