Коронавируспен ауырған науқасқа көмектеспек болған медбике сол аурудан көз жұмды

Коронавируспен ауырған науқасқа көмектеспек болған медбике сол аурудан көз жұмды

ашық дереккөзі

АҚШ-тың Калифорния штатының Лос-Анджелес қаласында медбике болып жұмыс істейтін ол, коронавирустың жаңа түрін жұқтырған науқасты өлімнен аралашалап алмақшы болады. Алайда, уақыт тығыздығына байланысты қауіпсіздік киімін кимей, жүрегіне массаж жасайды. Екі аптадан соң, медбике коронавирус індетін жұқтырып қайтыс болады деп жазады NewsRoom+ тілшісі lenta.ru ақпарат агенттігіне  сілтеме жасап. 61 жасар медбике Селию Маркосты коронавирус індетін жұқтырып, оқшауланған палатада жатқан науқасқа шақырту түседі. Тыныс алуы қиындаған оған медбике хирургиялық бетпердесін ғана киіп, жүрегіне массаж жасайды. Медбике әр минутының қымбат екенін сезінгендіктен, өз басын қатерге тігеді. Егер қауіпсіздік киімін киетін болса, науқасқа зәру уақыттан ұтылатынын ұғынады. Үш күннен кейін медбике жаңа індетті жұқтырып, кейіннен өпесінің қабынғаны анықталған. Осылайша өзгенің өміріне араша болған медбикенің жүрегі мәңгіге тоқтайды. Алайда науқасты аман алып қалғандығы белгісіз.

Жүктелуде...