Мұхтар Тайжан: Діншілер саясатқа араласатын болса, түбі Қазақстанды халифатқа айналдыруы мүмкін

08 Қазан, 2019 265 0

Негізі діншілер саясатқа араласатын болса, түбі Қазақстанды халифатқа айналдыруы мүмкін. Сауд Арабия, Ауғанстан, Сирия секілді елдерге айналамыз. Бұған дайынсыңдар ма?

Ол өзінің Facebook парақшасында зайырлы мемлекет қалпымызды сақтап қалуымыз керектігін айтты. Мұхтар Тайжан жазбасында идеологиясы қалыптаспаған мемлекеттің іші алай-дүлей екеніне налыды.

Сонымен қатар, ол Мұхамеджан Тазабектің тәртіп сақшыларын жинап алып, уағыз оқып жүргеніне қарсылық танытты.

"Зайырлы, демократиялық мемлекет дененіміз не? Үкімет дінге араласпау керек, рас. Бірақ, дін де мемлекет мәселелеріне араласпауы керек қой! Біздің мемлекетімізде идеологиялық жұмыс болмағандықтан, идеология саласында да бардак боп тұр.

Мысалы, Мұхамеджан Тазабек, "Асыл арнаның" жетекшісі неге мемлекеттік органдарға барып, полицияға, әскерлерге, мектептерге, ВУЗдарға уағыз айтып жүр? Бұндай мүмкіндікті оған кім беріп отыр? Неге ол полицияны бейбіт митингке шыққан халыққа қарсы айдап салуда? Оған бұндай құқықты кім берді? Бұндай әрекет нағыз арандатушылық деп білем. Полиция бейбіт шеруге шыққан халыққа күш жұмсамау керек. Бейбіт митинг-шеруді өткізу - халықтың Конституциялық құқығы.

Негізі діншілер саясатқа араласатын болса, түбі Қазақстанды халифатқа айналдыруы мүмкін. Сауд Арабия, Ауғанстан, Сирия секілді елдерге айналамыз. Бұған дайынсыңдар ма? Түбі сөзсіз өте қанды соғыз болады. Бізге шариғат, әлде, демократия керек пе? Таңдау жасауымыз қажет, себебі, бұл - бір-біріне 100% қарама-қайшы құбылыстар.

Бүгінгі күндерді репрессия дейміз, ал сол кезде қанды террор басталады. Адамдардың бастары мен қолдарын шабу, әйелдерді таспен өлтіру, т.б. Өйткені, халифат шариғат заңымен өмір сүреді. Еліміз өте қараңғы елге айналады. Сондықтан біздің зайырлы мемлекетті сақтап қалғанымыз жөн.

Мемлекет дін мәселелеріне, дін мемлекет мәселелеріне араласпау керек. Дін - адамның жеке шаруасы, құқы. Зайырлы мемлекетіміз деген осы. Алашорда қайраткерлері зайырлы мемлекетке зар болды. Біз де осы ұстанымда қалуымыз керек", - деп дабыл қақты Мұхтар Тайжан.

 

Дереккөз: "Адырна" ұлттық порталы

Тегтер: мемлекет, дін, уағыз, зайырлы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.