Жаңалықтар

Коронавирустан терісі қарайып кеткен дәрігер бұрынғы қалпына келе бастады

Коронавирустан терісі қарайып кеткен дәрігер бұрынғы қалпына келе бастады

Коронавирустың кесірінен қарайып кеткен Ухань орталық ауруханасының дәрігері Ю Фанның терісі табиғи түсіне орала бастады, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне  сілтеме жасап.

Дәрігердің ауруханадан өткен аптада шығарылғаны белгілі болды. 9 мамырда түсірілген фотосуреттен оның терісі әлдеқайда ағарғанын байқауға болады. Порталдың хабарлауынша, дәрігер коронавирустан толық айыққан, бірақ жүрген кезде аздап қиналады. Сонымен қатар, Ю Фан түнде қорқынышты түстер көретінін айтқан. Терісі қарайып кеткен тағы бір дәрігер Ху Вейфенг әлі күнге дейін ауруханада емделіп жатыр. Дәрігер коронавируспен 100 күннен астам уақыттан бері күресіп келеді. Бұған дейін қытайлық дәрігерлердің терісі қарайып кеткені хабарланған.