Жаңалықтар

Nur Otan 6 мың түйінді мәселені партиялық бақылауға алды

Nur Otan 6 мың түйінді мәселені партиялық бақылауға алды

Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, оларды шешу мақсатында жергілікті жерлерде партиялық бақылау комиссияларының 2 мыңға жуық отырысы өткізілген. Азаматтардың өтініштері негізінде 3 мыңнан астам түрлі рейд ұйымдастырылды. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында партия өкілдері Бесқарағай ауданына қарасты Дөлен ауылы тұрғындарының орталық сумен жабдықтау жүйелері құрылысының ұзаққа созылуына қатысты шағымына құлақ асты. Облыстық филиалдың ақпаратына сәйкес, бұл мәселе ерекше партиялық бақылауға алынған. Нәтижесінде, бүгінде барлық құрылыс жұмыстары аяқталып, үйлерге су кіргізу жұмысы жүргізілуде. Алматы облысында партиялық бақылау комиссиясы мектеп маңында жол инфрақұрылымының жоқтығына шағымданған Қосөзен ауылы тұрғындарының арызы бойынша тексеру жүргізді. Партияға жүгінгеннен кейін жаяу жүргіншілер өткеліне тез арада жол бөгеті қойылып, тротуар салынды және мектепке іргелес жатқан жолға жарық орнатылды. Сондай-ақ оқушыларды тасымалдау үшін 2 автобус бөлу туралы шешім қабылданды. Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауылындағы балабақша қызметкерлері атқарған жұмыстары үшін үнемі ақы төлемейтініне шағымданды. Партияның араласуынан кейін аудандық білім бөлімі 9 млн 451 мың теңге көлемінде қалған жалақы сомасын аударып, мекеме басшылығына тиісті тәртіптік жаза шараларын қолданды. Партияның баспасөз қызметі атап өткендей, жыл басынан бері түскен азаматтардың өтініштерін талдау бойынша, Партиялық бақылау комитеті мен өңірлердегі комиссиялар орталық және жергілікті атқарушы органдарға 6 мыңнан астам ұсыныс жолдады. 210 адам партиялық жауапкершілікке тартылса, олардың арасында бірқатар вице-министрлер, өңір әкімдерінің орынбасарлары, мәслихаттардағы фракция басшылары және т.б. бар. Олардың ішінде түрлі олқылықтарға жол бергені үшін 56 адам партиядан шығарылды.