Ресей халқының саны мигранттар есебінен ғана көбейеді

08 Қазан, 2019 87 0

Ресейде кемінде 2023 жылға дейін халық саны табиғи түрде азаяды. Бұл туралы 2020-2022 жылдарға арналған Ресейдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамында айтылады.

Құжатқа сәйкес, 2023 жылға дейін халық саны тек мигранттар есебінен көбейеді. Табиғи өсім тек 2024 жылдан басталуы мүмкін. 2024 жылға қарай Ресей халқының саны 149 миллион адамға жетуі мүмкін.

2019 жылдың алғашқы жартысында өлім саны туу санынан 199 мың адамға көп болған. Миграция ағымы табиғи азаю санының орнын толтыра алмаған. Оның үстіне Ресейде бала туатын жастағы әйел саны азайып келеді.

2015 жылдан бері Ресей мемлекеттік статистика агенттігі Қырым халқын да қоса есептейді (екі миллион адам тұрады). Қырымды 2014 жылы Ресей басып алғаннан кейін, халық саны 50 мыңға азайған.

Дереккөз: Abai.kz

Тегтер: Ресей, халықсаны, мигрант

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.