«Менің тату отбасым» әуесқой бейнефильмдер мен фотосуреттер республикалық байқауының марапаттау кеші өтті

08 Қазан, 2019 73 0

2019 жылы 5 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында  отбасы құндылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Менің тату отбасым» әуесқой бейнефильмдер мен фотосуреттер байқауының марапаттау кеші өтті.

Бұл туралы республикалық  «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, newsroom.kz хабарлайды. 

Аталған іс-шараның мақсаты отбасы құндылықтарының рөлін бекіту мен қолдау, отбасылық қарым-қатынастың дәстүрі менен мәдениетін сақтау, отбасын жақындастыру және нығайту.

Байқауға Қазақстан Республикасының барлық аймағынан 200-ге жуық отбасының жұмыстары қабылданды.

Байқау жеңімпаздары екі аталым бойынша марапатталды.

 «Үздік бейнеролик» номинациясы:

1 орын-Қызылорда облысы, «Қанатбековтар» отбасы.

2 орын-Нұр-Сұлтан қаласы, «Марденовтар» отбасы.

3 орын- Жамбыл облысы, «Усеновтар» отбасы.

«Үздік фотосурет» номинациясы:

1 орын- Алматы қаласы, «Рамазан» әулеті.

2 орын-Нұр-Сұлтан қаласы, «Мұратовтар» отбасы.

3 орын- Нұр-Сұлтан қаласы, «Абишевтер» отбасы.

Жүлде қоры 700 000 теңгені құрады.

Қонақ ретінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Кеш қонақтары ретінде Айтпаев Қанат, Есенәлі Айгерім және Мұқанова Мөлдір келді.

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Айтпаев Қанат Шымкенттен келген баланың тұсауын кесіп, ақ батасын берді.

Іс-шараны  «Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» ҚБ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Тегтер: Меніңтатуотбасым, байқау, фотосурет

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.