Мемлекеттік қызметтер енді бірнеше әлеуметтік желі арқылы қолжетімді.

08 Қазан, 2019 152 0

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өзінің қызмет түрін кеңейтуде. Осыған дейін тұрғындар Телеграмм қосымшасындағы egovkzbot-тан түрлі анықтамаларды алып, сервистерді пайдаланып журсе, енді дәл солай қызметтерді танымал Facebook және Vk әлеуметтік желілері арқылы жүзеге асыра алады, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Әзірге ВКонтакте жүйесінде 19, Facebook арқылы 15 қызмет түрі тұрғындар үшін қолжетімді.

Аталған қызметті іске асыру үшін:

*Facebook арқылы қызметтерді алу үшін әлеуметтік желінің мэссенджерінде «Портал egov.kz» жазуын енгізіп, бот сілтемесін басыңыз. Сізге бірден қызметтер мәзірі шығады.

*ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі сервисті қолдану үшін онда «Портал egov.kz» аккаунтын тауып, хабарлама жазатын жерде диалог терезесін таңдаңыз, қажетті қызметтер мен сервистерді алу үшін сізден ЖСН мен телефон нөмірі сұралатын болады.

*Әлеуметтік желілердегі мемлекеттік қызмет боттарын смартфоннан да, ноутбуктен де бірдей пайдалануға болады.

Тегтер: Азаматтарғаарналғанүкімет», мемлекеттікқызметтер, интернет

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.