Жаңалықтар

Сұмдық екен: әр бала үшін 378 400 теңге береді

Сұмдық екен: әр бала үшін 378 400 теңге береді

Жапония Үкіметі 18 жасқа дейінгі әр балалы отбасыларға 100 мың иен (шамамен 880 доллар) жәрдемақы төлеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы "Иомиури"газеті хабарлады. Басылымның жазуынша, мұндай төлемдер туралы шешім жаңа коронавирус пандемиясы кезінде халықты қолдау аясында қабылданған. Балалары бар барлық отбасылар табыс деңгейіне қарамастан 100 мың иен алады. Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, дайындалып жатқан қаржылық қолдау пакеті шеңберінде Үкімет елдің әрбір тұрғынына 30 мың иен ($265) сомасына балл есептеу мүмкіндігін қарастыруда. Алайда, оларды тек мемлекеттік сәйкестендіру нөмірі бар адамдар алады (Менің нөмірім картасы деп аталады).