Маңғыстаулық балалар Түркия елінде өткен халықаралық сайыста 2 бас жүлдені иеленді

08 Қазан, 2019 63 0

Балаларды шығармашылыққа баулитын «Даму Медиа» мектебінің оқушылары Түркия елінде өткен халықаралық сайыстан 2 бас жүлдені қанжығасына байлады.

Жәңгір Меңдібаев есімді оқушы қоғамда белең алған дерт - тастанды бала туралы қойылымнан үзінді қойып, әділқазылар алқасын тіпті көздеріне жас алғызды. Көпшілік назарына талантымен ілігіп, актерлік шеберліктен бас жүлде ГРАН ПРИ-ге ие болды.

Медиа мектеп директоры, ҚР журналистер одағының мүшесі Гүлнұр Жадринаның айтуынша, «Биыл сайысқа қатысушылар саны 70-ке жуық болған. Вьетнам, Болгария, Оңтүстік Африка, Түркия, Ресей, Украина, Румыния, Албания елдерінен қатысушы өнерпаздар түрлі номинация бойынша өнер көрсеткен.

Жергілікті Маңғыстау телеарнасындағы «Өркен» бағдарламасының жүргізушісі, шәкірті Дархан Батырбай тележүргізуші номинациясы бойынша Гран Приге ие болды».

Сайысқа медиа мектеп оқушылары 4 айға жуық дайындалған.

Естеріңізге сала кетейік, «Даму Медиа» мектебінің оқушылары осыған дейін де Франция, Египет, Чехия, Түркия елдерінде өткен түрлі халықаралық додаларда өздерін үздіктер қатарынан көрсете білген. Бар-жоғы 2 жылдың ішінде мұндай жетістікке кез-келген орталық жеткізе алмаған.

 

Сондай-ақ медиа мектеп оқушылары қазіргі таңда Маңғыстау облыстық телеарнасында өздері бағдарлама дайындап, көрермен көзайымына айналып жүр.

Түркия елінде өткен халықаралық сайыста 2 бас жүлдені жеңіп алып, Қазақ елінің абыройын асқақтатқан жеңімпаз балғындар мен оларды өнерге баулып, қанатын қатайтып жүрген ұстаздарын және ата-аналарын үлкен жеңістерімен құттықтаймыз! Өнер әлемінің биік шыңдарын бағындырудағы қадамдарыңыз әркез сәтті, табысты болсын деген ақжарма тілегімізді арнаймыз.

 

Суреттер «Даму Медиа» мектебінің мұрағатынан алынған

Дереккөз: tumba.kz

Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.