Жаңалықтар

Қарағандыда жалдамалы жұмысшылар бригадир мен коттедж үй иесін өлтіріп кеткен

Қарағандыда жалдамалы жұмысшылар бригадир мен коттедж үй иесін өлтіріп кеткен

Қылмыс 4 қараша күні түс ауа жекеменшік үй ауласында болған. Онда құрылыс бригадасы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Үйдің 59 жастағы иесі мен 72 жастағы бригадир жұмысшылармен бірдеңе бөліспеген. Жанжал болды. Куәгерлердің айтуынша, құрылысшылар пышақ қолданған. Олардың құрбандары сол жерде көз жұмды. Содан кейін жігіттер қаза тапқандардың бірінің көлігін ұрлап кеткен. Бұл туралы  newsroom.kz порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. Көлік бірден бейнебақылау камераларының объективіне түсіп, күдіктілер Қарағанды-Теміртау тас жолында ұсталған. "Ұсталғандар (34 және 39 жастағы ер адамдар) мойындады. Қылмыс құралы тәркіленді", - деді Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин. "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.