Головкин бокстан шеттетілді
08 Қазан, 2019 324 0

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) украиналық боксшы Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) жеңгеннен кейін жекпе-жектерден шеттетілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Нью-Йорк штатының (АҚШ) Атлетикалық комиссиясы осындай шешім қабылдады. Жекпе-жектерден шеттету – боксшылар шаршы алаңда жұдырық түйістіргеннен кейінгі әдеттегі рәсім. Головкин жекпе-жектерден белгісіз мерзімге дейін шеттетілді.
Деревянченкоға қатысты да осындай шара қабылданды.
Олардың Нью-Йорктегі Мэдисон Сквер-Гарденде өткен 6 қазандағы жекпе-жегі әлемдегі ең басты жаңалықтардың бірі болды. Бірінші раундта нокдаунға түскен украиналық кездесу соңына дейін жұдырықтасты.12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Головкинге берді.
Жекпе-жектен кейін екі боксшы да ауруханаға жеткізілді, сол себепті олар матчтан кейінгі баспасөз мәслихатына қатыспады. Кейінірек Головкин мен Деревянченконың ауыр жарақаттар алмағаны белгілі болды.
Тегтер: Головкин, бокс, шектеу, Атлетикалықкомиссия

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!
Пікір қалдыру
Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.
КӨП ОҚЫЛҒАНДАР



Қазақстандықтардың орташа жалақысы 157 мың теңгеден асты – министр
11 Қыркүйек, 2018