"Дәрігерлер бала өлі туды деп сендірді": Атырау перзентханасында босанған әйел сұхбат берді

08 Қазан, 2019 222 0

Атырауда перзентхана қызметкерлері өлтірді деп күдіктелген нәрестенің анасы болған жайтты өзі баяндап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

24 жастағы Нұржамалдың айтуынша, босанған соң дәрігерлер нәрестенің өлі туылғанына сендірген.

Оның айтуынша, босану кезінде өзі есінен танып қалады. Жас әйел босанғаннан кейін баланың дауысын естімегенін айтты. Нұржамал сұхбат барысында қналып әрең жауап берді.

«Бұл біздің тұңғышымыз еді, біз осы жылдың сәуір айында үйлендік. Туылғаннан кейін дәрігерлер сәбидің қайтыс болғанын айтты. Иә, менің күйеуім тиісті органдарға шағым жазды. Одан артық ешнәрсе айтқым келмейді», - деді келіншек.


Тегтер: дәрігер, бала, босану, перзентханп

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.