Атырау перзентханасының 31 қызметкері жұмыстан кету туралы өтініш жазды

07 Қазан, 2019 716 0

Перинаталды орталықтың қызметкерлері жұмыстан кету туралы өтініш жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

«Бүгінгі күні облыстық перинаталды орталықтың 31 қызметкері қызметінен кету туралы өтініш жазды. Денсаулық сақтау басқармасы, министрлік және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері олармен жұмыс істеп жатыр. Олар өз жұмыстарын жалғастырады. Біз дәрігерлермен диалог құру үшін барлығын жасаймыз. Олардың әрқайсысы білікті маман, күнделікті адам өмірі үшін күресуде», - деп түсіндірді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Серікжан Ерментаев.

Тегтер: Атырау, перинаталдыорталық, жұмыс, дәрігер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.