Банктер халықты қарызға батыруда - Божко

07 Қазан, 2019 296 0

Мәжіліс вице-спикерінің айтуынша, дәл қазір 7 миллион 051 мың азамат пәтер алу үшін несие ала алмайды. Бұл туралы Үкімет сағатында мәжілістің вице-спикері Владимир Божко мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Тұрғын үй несиесіне жүгіне алатын азаматтар саны азайып келеді. Қазірге дейін 6 миллион 752 мың кепілдіксіз тұтынушылық несие берілсе, оның 885 мыңы кешіктірілген. Банктер мен несие беретін ұйымдар біздің азаматтарымызды қаржылық құлдыққа итермелейді, сосын банктер коллекторларға жүгінеді, ал қарыз алушылар мемлекеттен өз кредит мәселесін шешуді талап етеді, - деді Божко.

Оның айтуынша, 227 мың автонесие берілсе, оның 22 мыңы бойынша несие төлеу мерзімі кешіктірілді, 741 мың адам кредиттік карточка алған, олардың 56 мыңының қарызы бар, ипотека бойынша 270 мың несие алушының төлемі кешіктірілген берешегі бар.

- Елде 959 мың қарыз алушы проблемалы, қазіргі уақытта 7 миллион 051 мың азамат баспана үшін несие ала алмайды, - деді депутат.

Тағы бір проблема - кейбір жергілікті атқарушы органдар "Бәйтерек" АҚ-дағы өз облигацияларын уақытында сатып ала алмай отыр.

Бұл жағдай бақылау мен есеп беруді күшейту үшін жергілікті атқарушы органдардың жеке бақылау есепшотын ашуды талап етеді, оның ішінде "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша қаражаттың қозғалысы мен оның мақсатты пайдаланылуын бақылайтын заң керек.

- Азаматтардың тұрғын үй салымдарына тиіспеу жағын қарастыру керек, әйтпесе әлеуметтік төлемдер, айыппұл өндіру деген бар. Соңғы 3 жылдың ішінде БЖЗҚ төлем талаптарын орындау үшін жинақтардан 3,8 миллиард теңге төледі, - деп қорытындылады Божко.

Тегтер: ВладимирБожко, банк, кредит, автонесие

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.