Сіз не істейсіз? 50 мың доллар тапқан кедей жігіт ақшаны қайтарып, президенттен жұмыс алды
Сіз не істейсіз? 50 мың доллар тапқан кедей жігіт ақшаны қайтарып, президенттен жұмыс алды
Әлемдегі ең кедей елдердің бірі – Либерияның 19 жастағы мототакси жүргізуішісі Эмманюэль Туло 50 мың доллар ақшасы бар барсеткіні тауып алған.
Радио арқылы қаржы қожайыны кім екенін естіген соң, жергілікті бизнеспен айналысатын әйелге ақшасын апарып берген. Көзіне жас келіп, солқылдап жылаған әйел оған 1,5 мың долларын көзінше санап беріп, алғысын айтқан.
Бұл жағдайдан құлағдар болған ел президенті Джордж Веа (әйгілі футболшы кезінде «Милан» клубында ойнаған) жас жігітті «Адалдық амбассадоры» деп тағайындап, ай сайын 500 доллар жалақымен өзіне жұмысқа алған.
Либерия үшін бұл үлкен ақша. Себебі, Әлемдегі ең кедей ел – Либерияда әрбір адам жылына 500 долларға күн көреді. Бұдан кейін Бурунди елі ғана орналасқан.
50 мың доллар тауып алсаңыз, Сіз не істер едіңіз, құрметті оқырман?
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=k9acvKN0g5M&feature=emb_title[/embed]