Музыканы көп тыңдау зиян - Қарақат Әбілдина
Музыканы көп тыңдау зиян - Қарақат Әбілдина
Әнші Қарақат Әбілдина өнер саласынан теріс бұрылғаны ма ?
Бұл туралы NewsRoom+ тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
«Әнсіз өмір - өмір ме, қаңсымай ма,
Өзегіңді дерт басып, жаншымай ма?»... Иә, концерт залдары, сахналар айлап бос тұр... Қаңыраған сарайлар, танадай тыныштық - көңіліңді құлазытады... Өнерсіз өмірді елестетудің өзі қиын... Қарап тұрсақ, қуанышты сәттеріміздің бәрінде ән айтамыз, би билейміз, күй тартамыз... Егер осының бәрі жер бетінен жоғалар болса, көңілдің ажары, бақыттың базары не болмақ?
Осы карантин кезінде той-томалақсыз, қуанышты басқосу, әдемі отырыстарсыз да көпке шыдамасымызды түсіндік. Бұл - өміріміздің маңызды бір бөлшегі екен. Адам бір сәт көңіл көтеріп, ән айтып, шатыққа бөленбесе, жүрегін мұң, көңілін кір баспай ма?! Иә, музыканы көп тыңдау зиян деп жатады, әуенге әуестеніп, беріліп кетуге тағы болмайды. Алайда екі дүниені тең ұста деген. Бұл өмірдегі қызық-қуанышымызды да өз деңгейінде бағалай білу, атап өту маңызды. ‘Әнсіз өмір мәнді ме?
Ән түзелсе, түзейміз ғой сәнді де...’ деп ақындар жырлағандай, әсем әннің, есті жырлардың орыны бөлек.
Тіршілік тезірек қалпына келіп, барлық сала қайта жанданса екен, жақсы күндеріміз, қуанышты сәттеріміз көп болса екен...", деп жазды.