"Барыстың" бұрынғы ойыншысы 29 жасында дүниеден озды

06 Қазан, 2019 137 0

Жаңасібірлік "Сібір" хоккей командасының мүшесі Самвел Мнацян 29 жасында дүниеден озды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

"Хоккейші Самвел Мнацян арамыздан ұзап кетті. Бір жылдың ішінде ол ерлік танытып, ауыр дертпен күресті, бірақ оны жеңе алмады. Самвел 29 жаста еді. Ресейдің Хоккей федерациясы туыстарына, жақындарына, серіктестеріне, Самвел Мнаяцянды білгергендерге қайғырып көңіл айтады", — деп жазылған федерация хабарламасында. 

Қорғаушы болып ойнаған Мнацян, қазақстандық "Барыс" командасында өнер көрсетті. 2018 жылдың мамырында "Сібір"  командасының ойыншысы атанды. 

РИА Новости басылымының хабарлауынша, былтыр тамызда жаңасібірлік клуб хоккейшінің онкологиялық ауруға шалдыққанын, шұғыл емделуі керектігін растаған. "Сібір" командасы үшін ол ойнап үлгермеді. 

КХЛ чемпионаты мен плей-оффта Мнацян 183 матчқа қатысып, 13 ұпай жинады.


Тегтер: хоккей, СамвелМнацян, спорт

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.