Әкесі ашынасымен көңіл көтеріп жатқанда баласын егеуқұйрықтар талап өлтіре жаздаған

16 Шілде, 2018 2438 0

Әкесі ашынасымен көңіл көтеріп жатқанда баласын егеуқұйрықтар талап өлтіре жаздаған. Аталмыш жан түршігерлік оқиға Ресейдің Ростов облысына қарасты ауылдарының бірінде орын алған.

14 жастағы ұлын алдап қораға қамап қойған әкесі, өзінің көілдесімен көңіл көтеруге кеткен екен. Сол арада қорадағы егеуқұйрықтар балаға шабуыл жасап, кеміре бастаған. Әкесі дегенін істеп болып, қораның есігін ашқанда есінен танып жатқан баласын көреді. Зәресі ұшқан ер адам дереу жедел жәрдем шақыртады.

Өз-өзіне келген бала бұл оқиғаның бірнеше мәрте қайталанғанын айтады. "Аиша есімді апай келгенде әкем мені үнемі қамап қояды",- деген екен бала. Ол енді 2 ай бойы емделуге мәжбүр.

Қазір аталмыш оқиғаға байланысты қылмыстық іс ашылған.

 

Дереккөзі: Life.ru

Тегтер: АШЫНА, АЗАП, ҚАСІРЕТ

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.