Жаңалықтар

«Өзім кальмармын» немесе Оңтүстік Кореядағы қазақтың өмірі қалай өтуде?

«Өзім кальмармын» немесе Оңтүстік Кореядағы қазақтың өмірі қалай өтуде?

Қазір қоғамда оңтүстік кореялық «Игра в Кальмара» сериалы жиі талқылануда. 20 млн долларға түсірілген сериал қазірдің өзінде 1 млрд долларға жуық қаржы жинап үлгерді. Бұл – Netflix  платформасының Оңтүстік Азия нарығындағы ең үлкен жеңісі болып отыр. Осы орайда, newsroom.kz порталы Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген қазақстандық азаматпен сұхбат құрған еді. Өзінің аты-жөнін айтпауды жөн көрген материал кейіпкері есімін шартты түрде Дәулет деп айтуды жөн көрді. Қазақстанда ұлттық университеттердің бірін бітірген Дәулет бастапқыда шетелге кетуді мүлде ойламаған. «Менеджмент» мамандығын бітірген соң, министрлік не әкімшіліктердің біріне жұмысқа тұрып, мемлекеттік қызметкер болуды армандаған. Алайда, ЖОО-да оқи жүріп, министрліктердің бірінде сарапшы болып істейтін құда баласының айлығы мен жұмыс графигін көріп, бұл ойынан бас тартады. [caption id="attachment_61467" align="alignnone" width="850"] width= Фото: theblueprint.ru[/caption] Өзі оқып жатқан қаладағы «бес жұлдызды» қонақ үйлердің біріне «беллбой» болып орналасқан оған мектеп кезінде жақсы оқыған ағылшын тілі көмекке келеді. Осылайша, студент кезінен мол қаржы тауып үйренген ол оқу бітірген соң магистратура деп алаңдамай, шетелге кетудің жолын қарастыра бастайды. Ақырында Оңтүстік Кореядан шақырту алған Дәулет басқа отандастарымыз секілді ол жақта заңсыз емес, кәдімгі жұмыскер ретінде барғандықтан еркін жүретінін айтты. Одан бөлек, бүгінде ол жақта 2 000 АҚШ долларының үстінде айлық аламын деген кейіпкеріміз өзге жұмыстары туралы айтудан бас тартты. Коммерциялық құпия деген жауап берді. Айтуынша, оның қазір жұрт жаппай көріп жатқан «Игра в Кальмара» сериалын көруге уақыты да, мұршасы да жоқ. Ол өмір күнделікті көріп жүрген жайт қой деген ол, мүмкіндік болса тіл үйреніп, кітап оқып, әлемді саяхаттаған дұрыс деген ойда. Сериал адамның уақытын алады, одан бөлек, ойыңды улайды деген Дәулет күніге 10-12 сағат жұмыс істегендіктен, тіпті елде қалған туыстарымен сөйлесуге уақытының тапшы екенін, дұрыстау қыз кездессе үйленетінін, әзірге басының бос екенін айтты.