Сұңғыла Сталин мен қырағы Хошимин Қытайдан қалай сақтанды?
Сұңғыла Сталин мен қырағы Хошимин Қытайдан қалай сақтанды?
1949 жылы Сталиннің 70 жылдығы құрметіне сол кездегі қытай көсемі Мао Цзе Дун Мәскеуге келіпті.
Соғыстан кейінгі ауыр жылдар. Төрт жылға созылған соғыста Кеңес Одағының жиырма миллион жауынгері қаза тапқан.
Мыңдаған қирап қалған қалалар мен селолар әлі қалпына келе қоймаған. Ерлер аз, ауыр жұмыстарды әйелдер атқарып жатқан кез, жұмысшы күші жетіспейді. Соны көрген Мао Сталинге: «Біз сіздерге 100 мың қытай жұмысшысын көмекке берейік, қираған шаруашылықтарыңды тез қалпына келтіреді» деп ұсыныс айтады. Сонда Сталин: «Спасибо товарищ Мао, нам такая мирная оккупация не надо!» — деп жауап беріпті. Сосын шекарашыларға шекарадан қытай адамы түгіл бір шыбыны өтпесін деп бұйырыпты. Ал бұған не дейсіздер?!……….
Бүгінде біз болсақ, көрер көзге бейбіт оккупацияға жол беріп отырмыз.
- Енді біздің саясаткерлерге сабақ боларлық тағы бір оқиғаны айталық. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Солтүстік Вьетнам мен Оңтүстік Вьетнам арасында бірнеше жыл бойы қырғын соғыс болды. Оңтүстік Вьетнамға Америка көмектесті. Солтүстік Вьетнам социалистік қоғам құрып жатқан. Компартия көсемі Хо Ши Мин көмек сұрап Москва мен Пекинге барып келіп, министрлері мен әскер басыларын жинап кеңес өткізеді. Ол Кеңес Одағының қаржы мен қару беретінін, бірақ жаяу әскер бере алмайтынын, ал Қытай болса қаруға қоса бір миллион солдат беруге дайын екенін айтып, қайсысының көмегін алайық деп сауал тастайды. Сонда олар «іргедегі әрі қару, әрі әскер береміз деп отырған Қытай көмегін алайық» деседі. Хо Шин Мин оларды тыңдап болып: «Ертең соғыс біткен соң, Кеңес Одағы берген барлық қару-жарақтар өзімізде қалады, сосын мыңдаған әскери кеңесшілері еліне қайтады, ал Қытайдың бір миллион солдатына тағы да бір миллион қызмет көрсететін адамдары қоса келеді. Оның бәрін ертең елден шығара алмаймыз осында қалып қояды. Сондықтан Кеңес көмегін алғанымыз дұрыс, адам шығынымыз көп болады, бірақ Отанымызды, мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қаламыз», — деп шешім шығарады.
Не деген кемеңгерлік!….
Осыны оқығанда біздің мемлекет басшыларымыз да осындай патриоттық позиция ұстанса ғой деп жанарыма жас үйірілді.
Кеңес Одағының көмегімен Вьетнам жеңіске жетті, Америка ықпалындағы Оңтүстік Вьетнамның астанасы Сайгонды азат етіп, қос Вьетнам қосылып, біртұтас мемлекет болды!………………
P.S. Facebook әлеуметтік желісіндегі Qazaq Eli тобына жарияланған Қайрат Нұрлықасымұлының постынан алынып жарияланып отыр.