Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды

05 Қазан, 2019 209 0

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Qazaq kuresi ұлттық федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін менің Qazaq kuresi федерациясына басшы болып келгеніме 6 жыл толып отыр. Біздің кезекті есеп беру конференциямызда Дәурен Әскербекұлы Абаев Qazaq kuresi Ұлттық федерациясының президенті болып сайланды. Дәурен Абаев ақпарат және қоғамдық даму министрі бола отырып, ал оған дейін Елбасы баспасөз қызметінде жұмыс істей жүріп біздің жобаларымызды іске асыруға көп көмегі тиген», - деді федерацияның бұрынғы басшысы Арман Шураев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Ол жаңа басшының қоластында Qazaq kuresi ұлттық федерациясы өркендей беретініне сенім білдірді. 

«Ол федерация басшысы болғаннан кейін қазақ күресінің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашылды деп ойлаймын. «Қазақстан Барысы» мен «Еуразия Барысы» - журналистер ойлап тауып, жоғары деңгейге көтерген жобалар деп жиі айтамын. Енді Дәурен Абаевтың арқасында Qazaq kuresi одан әрі дами береді», - деп түйді Арман Шораев. 

Авторы: Азамат Сыздықбаев




Тегтер: ДәуренАбаев, Qazaqkuresi, президент, тағайындау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.