Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз. Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
ҚР мәдениет және спорт министрлігі танымал әнші Димаш Құдайбергеннің Bastau live Show концертін онлайн өткізбекші, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Көрсетілім 13 мамыр күні сағат 20:00-де министрліктің YouTube арнасында өткізіледі", - делінген ресми хабарламада.
Димаштан бөлек онлай ән шашу кешінде "Астана Операcының" солисі, опера әншісі Майра Мұхамедқызы, ресейлік әнші Кристина Орбакайте, британдық әнші, композитор Софи Эллис-Бекстор, швециялық әнші, "Еуровидения-2012" лауреаты Лорин өнер көрсетеді.
Айта кетерлік жайт, Bastau шоу-бағдарламасы Димаш Құдайбергеннің ең алғашқы жеке концерті болды. Ол 2017 жылы елорданың "Астана Арена" залында дүркіреп өткен еді.