5-сынып оқушысы киімі автобус есігіне қысылып қалып көз жұмды

05 Қазан, 2019 317 0

Қырғызстанда бесінші сынып оқушысы қоғамдық көліктің есігіне киімі қысылып қалуы салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Newsroom.kz, stan.kz сілтеме жасап.

Жүргізуші мұны байқамай, қозғала бастады. Жол апаты 3 қазанда Күн-Туу ауылында болған.

11 жасар бала автобустың артқы есігінен шыққан кезде, оның күртесінің темірі көліктің есігіне ілінген.

Алайда жүргізуші мұны байқамай, қозғала бастады. Осыған байланысты бала құлап, көліктің артқы доңғалағының астында қалды.

Бала ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер оған көмектесе алмады: ол есін жимастан көз жұмжы.

Қала әкімдігі 34 жастағы көлік жүргізушісі мектеп оқушысының өліміне қатысты ұсталғанын хабарлады. Оның 14 жылдық жүргізу тәжірибесі бар екендігі айтылды.

Тегтер: Қырғызстан, жүргізуші, бала, өлім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.