Жаңалықтар

13 Мамыр несімен ерекшеленеді ?

13 Мамыр несімен ерекшеленеді ?

1904 жылы қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы Ш.Уәлихановтың еңбектері алғаш рет жарияланды. 1930 жылы КСРО ХКК қаулысымен ҚарЛаг құрылды. Ол үшін Қарқаралы округінің аумағында 110 мың гектар жер берілді. Қарағанды лагері басқармасы Қарағандыдан 47 шақырым жерде Долинка кентінде орналасты. 1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Финляндия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды бекіту туралы келісім жасалды. 2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы - «Мугунхва» (Мәңгі гүлдеген раушангүл) орденімен марапатталды. 2010 жылы Қазақстанда «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша Ұлттық агенттігі құрылды. 2011 жылы ұлы қазақ батыры Жиембет жыраудың құрметіне Астанада мемориалдық тақта ашылды.