Жаңалықтар

Ақтөбелік жүргізушілер дизель отынын таппай әлек

Көтере алмасаң, қосып арқала! Дизель отынын іздеп даурыққан ақтөбелік жүргізушілер тағы да тапшылыққа ұрынды. Бұл жолы сұйытылған газ таппай сенделген жандар таңнан бері жанармай бекеттерінің маңын жағалап әлек. Ұзын-сонар кезекке тұрғандар жұмысынан кешігіп, жолынан қалды. Жылда қайталанатын шикізат жетіспеушілігі жырынан жалыққан жүргізушілер бағаның қымбаттағанын да айтты, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Дизельдік отын жоқ деп дау айтқан ақтөбелік жүргізушілер енді сұйытылған газдан таршылық көріп отыр. Қалада тек санаулы бекетте қолма-қол ақшаға   табуға болады. Қалғандары талонмен сатуға көшкен. АҚБАЯН СҰЛТАНМҰРАТОВА, ТІЛШІ: «Ақтөбенің жанар-жағармай құю бекеттерінде таңертеңнен ұзын-сонар кезек. Кейбірінде сұйытылған газ жоқ, ал кейбірі тек талонмен жіберіп жатыр. Жалпы, аймақта газ қондырғысын орнатқан 47 мың автокөлік бар». Газ тапшылығы ақтөбелік жүргізушілер үшін таңсық емес. Жыл сайын осы мәселе жаз және  күзде  байқалады. Жүргізушілер  тапшылық өткен аптадан басталғанын айтады. Кейбір жерде тек талонмен ғана береді.  Ал қарапайым тұрғынның  кез келгені ол талонға қол жеткізе алмайды. ЖӘНІБЕК АЙСАУЫТОВ, ТҰРҒЫН: «Тонау Жилгородоктан келе жатырмын. Көбісі объеднойдағы» кілең талонмен. Бүкіл қаланы шарладым. Бұл қашан тоқтайды? Қашан тәртіп болады?» Көлігі барлар тапшылық бір жағынан қысса, қымбатшылық та қинап тұрғанын айтты. Әзірге қаладағы жанар-жағармай құю бекеттерінде литрі  әртүрлі бағада сатылып жатыр. Бірінде 65, екіншісінде  75 теңге. Бағаның  бұлай күннен күнге аспандап бара жатқанына жүргізушілер наразы. «Бұл - қолдан жасалған қымбатшылық» дегендер де бар. ҚАМИДОЛЛА САТТАРОВ, ТҰРҒЫН: «Мынау  өте қымбат, айналайын, өте қымбат. Енді мына тұрған Жаңажолдан шығады. Жаңажол осы жерге 180 км, транспортировкаға көп кетпейді. 70 теңге деген бізге көп еді. Мен пенсиядамын, қалай жүрем? 65 теңге да көп Біздің Ақтөбеге. Мен ойлаймын, қолдан жасалған қымбатшылық деп». Әкімдіктегілер сұйытылған газдың бағасы электронды сауда-саттық қорытындылары бойынша қалыптастатынын айтып отыр.   Оның нәтижесі бойынша   орташа баға  шілдеде - тонна 67 мың теңге болса, қазандағы баға  82 мың теңге. Тапшылықтың себебі ретінде газ толы цистерна вагондардың кешіктірілгенін де айтты. Жағдай алдағы уақытта тұрақталады деп  отыр. САМАТ ЛЕПЕСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Қазіргі таңда бізде тек ғана 958 тонна  зауыттардан жөнелтілді. Бұл 8,6%. Қалған пайызын енді жұмыс барысында жеткізеді». Қазір Ақтөбеге  25 вагон цистерна келіп түскен. Оны газ толтыру станцияларына жөнелткелі жатыр. Жалпы, Ақтөбенің автогазға  деген сұранысы ай сайын 13 мың тоннадан асады. https://www.youtube.com/watch?v=nKcfIkDDKrI