Жаңалықтар

Тараз маңындағы әскери бөлімде тағы да жарылыс болды

Тараз маңындағы әскери бөлімде тағы да жарылыс болды

Тараз маңындағы атышулы әскери бөлімде тағы жарылыс болып, тұрғындарды дүрбелеңге салды. Адамдар дін-аман, жарылыс кезінде бөлім аумағында ешкім болмаған. Дегенмен, кей ғимараттардың терезелері сынған. Ал әбден зәрезап болған әскери қойманың іргесіндегі Қайнар ауылының тұрғындары «Бізді қауіпсіз жерге көшірсін!» деген талап қойып отыр, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап. Әскери бөлім аумағындағы жарылыс таңғы жетіден аса болған. Ауыл тұрғындары жексенбінің таңында екі мәрте шыққан жарылыстың жойқын даусынан шошып ояныпты. АЙГҮЛ БАЖАНОВА, ҚАЙНАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Бірінші жәй атылды, сосын қатты атылды. Түтін шығып ,балкондағы терезелердің бәрі ашылып кетті. Енді қазір жабылмайды. Үстіңгі этаждар сынды». ҚАЛИМАКҮЛ ҮСІМБАЕВА, ҚАЙНАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Қатты атылды. Бәріміз қаштық. -Қорқып қалдыңыздар ма? Қорқамыз ғой ғой, қайтіп барамыз, тағы да.. Мен айтам да неге алдайсыңдар деп Жарылыс толқыны  бөлімге ең жақын тұрған мына үйдің жаңа қойылған терезелерін сындырған. Сондай-ақ, ауыл маңындағы әскери қалашықтағы ғимараттардың да әйнектері шағылған. Тұрғындар «Ауыл халқы қауіпсіз аймаққа көшірілсін!» деп отыр. ЖАНАР СҮЙІНДІКОВА, ҚАЙНАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Қайталанатын болса, басқа жаққа көшірсін. Ақыры өздері сенімсіз ғой жарылмайтынына.Мына жақта тұрмаймыз біз». Әскерилер жарылыстың себебін әзірге нақты айта алмай отыр.  Мамандар аумақты ұшқышсыз басқарылатын аппарат арқылы зерттеуде. ОРАЗ КУЧУКОВ Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері басшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша орынбасары: «Жиналған оқ-дәрілер жарылған. Ол уақытта қойма аумағында ешкім болған жоқ. Снарядтардың ұшуы, адамдарға төнген қауіп болған жоқ. Қазір әскери бөлім аумағындағы барлық жұмысты тоқтаттық. Жарылыстың себебін анықтаған соң ғана жалғастырамыз». «Жарылыс қайта болуы мүмкін бе» деген сұраққа әзірге ешқандай орган нақты жауап бере алмай отыр. Сондықтан,  бүгін осы маңдағы   37 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Сондай-ақ, бүлінген үйлерді қалыпқа келтіріп жатқан 100-ден астам жұмысшының да жұмысы тоқтады. Жағдайдың қауіпсіз екендігіне толықтай көз жеткізілген соң ғана тиісті шешім қабылданатын болыпты. ҚАЙРАТ ИСМАИЛ, БАЙЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Әзірге зерделеу жұмыстары жалғасуда, белгісіз. Арнайы мамандар бүгін түстен кейін өздерінің жұмыстарының нәтижесін баяндайтын болады. Соған байланысты шешім қабылдайты штабта. Жарылыс кесірінен осымен екінші рет амалсыз үдере көшуге мәжбүр болған халық ауыл мен әскери бөлім арасын бөлу жөнінде мәселе көтеріп отыр. Себебі, көпшілік тырс еткен дауыстан қорқып, әбден шаршаған. https://www.youtube.com/watch?v=FsyvDwE_lVY