Қостанай облысында 5 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

Қостанай облысында 5 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

ашық дереккөзі

Қостанай облысында 5 жасар бала терезеден құлап кетті, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. Оқиға бүгін сағат 17.00 шамасында Жітіқара қаласында болған. Бала үйдің бесінші қабатындағы балконнан құлап кеткен. «Оқиға орнына жеткен фельдшердің айтуынша, сәби қараусыз қалған. Терезедегі маскит торын басып қалып, төменге құлап кеткен. Қаңқа сүйектері сынбаған. Сағат 17.09 кезінде стационарға жатқызылды. Қазір ол дәрігерлердің қарауында», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. Мәлім болғандай, бала гүлзардың үстіне құлап, аман қалған. Қазір тексеру шаралары жүріп жатыр.  

Жүктелуде...