Құзырлы орган Төрағасыны орынбасары белсенді жастармен кездесті

13 Шілде, 2018 897 0

Ағымдағы жылы шілде айының 13 жұлдызында Астана қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму ісі басқармасының қолдауымен «Астана Жастары» Жастар ресурстық орталығы және «Болашақ» Корпоративтік Фонды ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың белсенді жастармен бейресми кездесуі өтті.

Кездесуде Олжас Абайұлы қоғамдағы жемқорлық дертіне қарсы алдын алу шаралары мен жүргізіліп жатқан жұмыстарын таныстырып өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс. Сондықтан, қоғамдағы әрбір азамат жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылықты дамытып, өзін аталмыш дерттен аулақ ұстауы қажет.

Осыған орай, Олжас Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар жалпыұлттық қозғалысын құруды ұсынды. Жастар қозғалысын белсенді жастар және республикалық мемлекеттік емес ұйымдары басшылары қолдап, аянбай белсенділік танытатындығын атап өтті.

Шара соңында ҚР  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары, белсенді жастармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа механизмдерді талқылап, Жастар өздерінің ашық алаң аясында өткен ашық сұхбатқа ризашылықтарын білдірді.

 

Тегтер: олжас, бектенов, астана,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.