Жаңалықтар

Варламов емес, Микурия! Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Түркістанда не істеп жүр?

Варламов емес, Микурия! Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Түркістанда не істеп жүр?

Қазақстан тарапының шақыруы бойынша Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микурия Түркістан облысына іс-сапармен келді деп жазады Түркістан облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. Сапар бағдарламасында мәртебелі қонақтар Қазақстан – Өзбекстан  шекарасындағы жаңғыртылған "Бауыржан Қонысбаев" кеден бекетіне барып, оның қызметімен танысты. [caption id="attachment_61135" align="alignnone" width="1280"] width= Фото: t.me/dgd_trk[/caption] Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы кедендік рәсімдерді оңайлатуға және бизнес үшін уақыт шығындарын қысқартуға бағытталған кеден бекетінің техникалық жабдықталуына жоғары баға беріпті. Аталмыш сапар барысында Кунио Микурия Түркістан облысының Кентау қаласындағы Жапон әскери тұтқындарының жерленген ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты және Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып, Түркістан қаласындағы басқа да жаңа көрікті жерлермен танысыпты. [caption id="attachment_61136" align="alignnone" width="1280"] width= Фото: t.me/dgd_trk[/caption] Кунио Микурия 1954 жылы Жапонияда туған. Токио университетін бітірген. 2008жылдан бері жаһандық ұйымға жетекшілік етеді.