Арман Қырықбаев: Nur Otan партиясының өңірлердегі филиалдары Мақтааралға 500 тоннадан астам көмек жөнелтті

Арман Қырықбаев: Nur Otan партиясының өңірлердегі филиалдары Мақтааралға 500 тоннадан астам көмек жөнелтті

ашық дереккөзі

Қайырлы кеш, бауырлар! Ораза қабыл болсын! Сардобадан тасыған су еліміздің оңтүстік өңірінің Мақтаарал ауданының бірқатар елді мекенін апаттық жағдайға соқтырды. Ешкім бей-жай қалмады. Мемлекеттің, Nur Otan-ның, жанашыр, меценат азаматтардың арқасында тиісті қаржы бөлініп, шаралар легі қабылданып, халық о бастағы үрейден арылып, мәселе біршама реттеліп қалғандай. Дегенмен, мен елге қол ұшын созған милиардерлер туралы емес, керісінше, қарапайым қандастарымыз туралы айтпақпын. Мұндайда халыққа ең алдымен керегі жылы сөз, жанашыр жәрдем, риясыз бауырмалдық екені мәлім. Сондықтан, ә дегеннен партияның өңірлік филиалдары мен жасотандық еріктілер абдыраған жұрттың жанынан табылуға тырысты. «Жақсының жасылығын айт – нұры тасысын» демекші, сол волентерлердің көпшілікке беймәлім кейбірін атап өтсем. 2 мамыр күні бір топ жастар төтенше жағдайға байланысты "Еріктілер штабын" құрғанда, соған ат салысқандардың бірі - Жеңіс ауылының 22 жасар тұрғыны Қази Ықылас болатын. Jas Otan басшылығының мәліметінше, содан бергіде Қази бауырымыз еріктілер штабында уақытпен санаспай жұмыс жасауда. Тағы бір мысал – небәрі 17 жастағы Аружан Қалықұл қарындасымыз. Қаршадай ғана қызымыз күн-түн демей ер-азаматтармен иық тірестіре қызмет етуде. Елге жанашыр жас бауырымыздың бірі – Рауан Маханов. Осылар сияқты аты аталмаған 500-ден астам еріктілер хал-қадарынша қысылтаяң шақта жұрт жанынан табылуда. Волонтерлар жайлы шынайы ақпаратпен көпшілікті талмай сусындатушы Олжас Мамырдың да еңбегі үлкен! Осындай жастарды тәрбиелеген ата-анаға, қазыналы елге мың алғыс! Ал, аймақтағы еріктілер штабында белсенділік танытып жатқан Сарыбай ағамыз болса 60 жаста! Үлгі көрсетер үлкені, ынталы, талапты кішісі, алқалаған әлеуметі бар халқымыз осылайша қандай қиындықты болсын еңсерері анық. Жақсыларға Жасаған жар болсын! P.S. Nur Otan партиясының барлық өңірдегі филиалдары тізе қосып, Мақтааралға бүгінге дейін 500 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті. Ақпарат: Арман Қырықбаевтың фейсбук парақшасынан алынды

Жүктелуде...