Мәдениет министрі Кәмшат Жолдыбаеваның клиптері туралы: Маған ұнамайды

03 Қазан, 2019 344 0

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Кәмшат Жолдыбаеваның "Карамель" әніне түсірілген бейнебаяны туралы ойын ашық айтты.

Бұл туралы "Талқылайық" бағдарламасына сілтеме жасап Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист Аман Тасығанның "Карамельдерге қалай қарайсыз?", - деген сұрағына ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова былай жауап берді:

"Жалпы өзімнің жасыма қарай, талғамыма қарай бұл нәрселер маған ұнамайды. Қазақтың әдет-ғұрпына, қазақтың тағылымына келмейтін нәрселер деп ойлаймын", - деп айтты Мәдениет және спорт министрі.



Тегтер: АқтотыРайымқұлова, КәмшатЖолдыбаева, Карамель, бейнебаян

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.