Жаңалықтар

Келес ауданында балалар спортына ерекше көңіл бөлінген

Келес ауданында балалар спортына ерекше көңіл бөлінген

Келес ауданында балалар футболының өркендеуіне ерекше назар аударылған, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Түркістан облысы əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өңірде бұқаралық және балалар спортын дамытуға күш салынып, балалар футболының өркендеуіне ерекше назар аударылуда. Осыған орай, бүгінгі таңда Келес ауданында 5 кіші футбол алаңдарының құрылысы жүруде. Атап айтсақ, Біртілек ауылдық округінің орталығы Біртілек елді мекенінде, Қошқарата ауылдық округінің Бесқұбыр елді мекенінде, Ақтөбе ауылдық округінің орталығында, Бірлік ауылдық округінің орталығы, Бірлесу ауылдық округінде жаңа типтегі кіші футбол алаңдары салынып жатыр. Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аталған құрылыс нысандарында болып, құрылысы жүріп жатқан балалар ойын алаңшасының сапасын бақылады. Аудан басшысы жауапты мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі уақытылы орындап, түрғындар игілігіне пайдалануға беру қажеттігін тапсырды. Жобаны 2021жылы қыркүйек айының соңына аяқтау жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Келес ауданы аумағындағы орталық стадион реканструкциядан өтсе, Ұшқын ауылдық округіндегі футбол алаңы да жаңартылды. Одан бөлек аудандағы кәсіпкерлердің демеушілігімен елді мекендерде футбол алаңдары салынуда.