Жаңалықтар

Бокстан жасөспірімдер арасындағы біріншілік басталды

Бокстан жасөспірімдер арасындағы біріншілік басталды

Бокстан жасөспірімдер арасында Түркістан облысының біріншілігі басталды, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Сайрам ауданындағы «Қайрат» спорт кешенінде бокстан жасөспірімдер арасында Түркістан облысының біріншілігі басталды. Былғары қолғап шеберлері бәсекесіне өңірімізден іріктелген 213 спортшы қатысып, 14 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтайды. Шаршы алаңға шыққан жас боксшылар жарысқа жоғары дайындықтарымен келіп, бас жүлде үшін күш сынасуда. Алғаш болып рингке көтерілген 44 келідегі боксшылар арасында Созақ ауданының спортшысы Жақсылық Елубай алғашқы кездесуінде жеңіске жетіп, өзінің дайындығы мен алдағы мақсатын айтып өтті. Облыс біріншілігіне арнайы келген бокстан Түркістан облысының жасөспірімдер арасында аға жаттықтырушысы Талғат Әліпбеков бұл сайыста мықты деп танылған спортшыларды іріктеп алып, алдағы елішілік жарыстарда облыс намысын қорғайды деген сенім білдірді. Айта кетерлігі, апта бойына жалғасатын былғары қолғап шеберлерінің бәсекесінде топ жарғандар қазан айының 12-17 аралығында Орал қаласында өтетін Қазақстан аймақтық жарысына қатысады.