Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз.
Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Коронавирус науқастары азайып, инфекциялық стационарлар қайтадан жабылып жатыр. Түркістан облысында инфекциялық төсек - орындар саны 3600 болса, бүгінде оның саны 2000-ға қысқарған. Бүгінде төсек - орын жүктемесі 33 % құрайды. Коронавирустық инфекцияның әр түрлі сценариіне байланысты инфекциялық төсек-орын санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Жалпы пандемия белең алғалы КВИ-дің 13 608 жағдайы анықталды. Оның 7138-і симптомсыз өткен, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, соңғы тәулікте COVID-19 індетінің 34 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 0.25 % құрайды. Сондай-ақ, егу науқаны басталғалы 800 мыңнан астам адам вакцина салдырған. 87% көрсеткішпен Түркістан облысы коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан елімізде көш бастап тұр.
Егудің екінші компонентін 600 мыңнан астам адам қабылдаған. ІІ кезең бойынша вакцинациялау қамту пайызы - 67,8%. Қазір облыс аумағында 141 екпе қабылдау пункттері жұмыс істейді. Жалпы бүгінге дейін 1 003 240 ПТР сынамасы алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 1098 адам тексерілді.
Бүгінде вакцина сақтайтын қоймада көлемі 300 литр құрайтын 2 дана мұздатқыш (-20оС) бар. Сонымен қатар,облыстық бюджет есебінен көлемі 143 литр құрайтын 20 дана мен 601 литр құрайтын 2 дана мұздатқыш сатып алынып, толық жеткізілді.