Үзілген Әнұранды жалғап әкеткен қыздарды зор құрметпен күтіп алды (видео)

03 Қазан, 2019 240 0

Нұр-Сұлтан қаласына жарыстан оралған Қазақстанның құрамасын халықпен бірге Nur Otan партиясының Jas Otan Жастар қанаты, БАҚ өкілдері, күтіп алды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды, turkystan.kz сілтеме жасап.

Үндістанның Бенгалуру қаласында су спортынан өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы елге оралды. Жарыста бірінші ойында су добынан Қазақстан құрамасы Қытай командасымен кездесті. 

Матч дәстүрлі түрде қарсылас елдердің әнұранымен басталды. Дыбыстық жабдықтың техникалық ақауға байланысты Қазақстан Республикасының әнұраны 8-секундта кенеттен үзіліп кетті. Осы кезде Қазақстан құрамасы тосылып қалмай, Әнұранды жалғастырып, толығымен айтып шықты. Көрермен риза болып, қол соқты. Қазақстандық қыздардың ерлігіне тәнті болды.

Тегтер: Үндістан, жарыс, әнұран, матч, судобы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.