Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 қыркүйек, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Келесте 72 жоба қаржыландырылды

Келесте 72 жоба қаржыландырылды

Келесте 72 жоба қаржыландырылды
ашық дереккөзі
Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын болып өтті. Тиісті мекеме басшылары бас қосқан жиналыста бүгінгінің өзекті мәселелері ортаға салынды. Күн тәртібіндегі аудандағы ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік саласында атқарылып жатқан жұмыстардың орындалу барысы тиісті мекеме басшылары тарапынан баяндалды. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына ағымдағы жылдың 9 айында тартылған инвестиция көлемі 1165,0 млн.теңгені құраған. Алдыңғы қатарлы озық технологияны қолдана отырып жылына 2-3 өнім алу бойынша 8 ауылдық округтен 1400 гектар жерге егіс егіліп, жалпы 316 бірлік шаруа қожалық аталған жобаны іске асыруда. Жобаға қатысқан шаруалар бірінші айналымнан 41 959,7 тоннаның өнімі өндірілген болса, екінші айналымнан 27 325 тонна өнімі өндіріліп, қазірде жинау науқаны жалғасуда екен. Кәсіпкерлік саласында 2021 жылдың 8 айында 96 кәсіпкерге қызмет көрсетіліп, жалпы құны 574,0 млн.теңгені құрайтын 72 жоба қаржыландырылды. «Атамекен» ҰКП ішінен шағын несие ұйымы ашылып, «Бастау бизнес» жобасы аясында оқып бітірген түлектерге 6 пайызбен, 7 жыл мерзімге 7,0 млн.теңгеге дейін несие берілу жоспарлануда. 2021 жылдың 8 айында 470 азамат «Еңбек» бағдарламасы аясында 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз қаражат (грант) алып, кәсібін дөңгелетуде. Баяндамашылардан соң жиынды қорытындылаған аудан әкімі салаларда орындалуы тиіс көрсеткіштерді реттеу жұмыстарын және жоспарланған жобаларды жандандыруды тапсырды.