Жүсіпбек Аймауыт қалай дәл айтқан: қазаққа аюдай ақырған шенеунік табылуы оңай
Жүсіпбек Аймауыт қалай дәл айтқан: қазаққа аюдай ақырған шенеунік табылуы оңай
1931 ж. Мәскеудегі Бутырка түрмесінде атылар алдында қасқайып, бас имеген Жүсіпбек Аймауыт: "өз зиялыларына қырғидай тиген өкіметтен ешуақытта кешірім сұрамаймын" - деген екен...
Бұл туралы фейсбук әлеуметтік желісіндегі Qazaq Eli тобы жазды.
Жүсіпбек заманының аса дарынды адамы болған, оның эстетикалық, көркемдік көзқарастары қоғам белсенділігі мен ішкі қарама-қарсы күрестің нәтижесінде қалыптасқан тұғын.
Жүсіпбек Аймауыт 1889 жылы қазіргі Павлодар облысындағы Семей губериниясының Қызылтау ауылында (қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы) дүниеге келген. Жазушы, ақын, аудармашы, ұстаз-ғалым Жүсіпбек Аймауыт ұлттың рухани потенциалына зор үлес қосқан адам. Оның дарындылығы халық көзіне бірден түскен еді. Сонымен бірге, ағамыз актер әрі сазгер, режиссер болған екен.
«Ұраным – Алаш» кітабында тізілген Жүсіпбекке тағылған айыптар:
«1. Кеңес өкiметiн құлату үшiн 1921-1922 жылдары Орынбор мен Ташкентте астыртын контрреволюциялық ұйым құрған.- Орта Азиядағы басмашылардың қозғалысына қатысқан, әскери жасақ құруға ұмтылған, сөйтіп, қарулы көтеріліс арқылы Қазақстанды Ресейдің құрамынан бөліп әкетпек болған.
- Аштарға көмек комиссиясын кеңес өкіметін құлату туралы үгіт жүргізуге пайдаланған.
- Байларды тәркілеуге қарсы үгіт жүргізіп, оларды қарулы көтеріліс жасауға бағыттаған.
- Англиямен астыртын байланысып, ағылшын әскерi Қазақстанға басып кiре қалған жағдайда, қырда көтерiлiс ұйымдастыруды жоспарлаған.
- Қазақ Өлкелiк комитетiнiң хатшысы Голощекин жолдасқа қастандық жасап, атып өлтiрмек болған деген айып тағылды».
(с) Жүсіпбек АЙМАУЫТ