Барби енді қыз емес. Әйгілі қуыршақ "модернге" ұшырады

02 Қазан, 2019 174 0

Американың ірі дүкен желісінде Барби қуыршағының жаңа түрі пайда болды. Естеріңізде болса, 90-жылдары аяғы ұзын, өзі сарының сұлуы, сүйіріктей "нағыз" Барби - қыз қуыршақ, кейіннен оның дос ұлы Кен деген қуыршақ шыққан. Ал қазіргі жаңа Барби енді қызға да, ұлға да ұқсамайды, деп хабарлайды РИА Новости.

Жобаның идеясы – бұл әлі өзін қыз немесе ұл ретінде танып үлгермеген балаларға арналған "инклюзивті" қуыршақ болып табылады. Ал жаңа қуыршақ жынысы жоқ арық адамға ұқсайды. Оны қаласа қыз қылып, қаламаса ұл қылып киіндіруге болады. Қуыршақты қолданушылардың жасы алты жасқа дейін деп көрсетілген.

Яғни, қазір Барби мен Кен трансгендер деп айтсақ та болады.

Дереккөз: zakon.kz

Тегтер: Барби, Кен, қуыршақ, трансгендер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.