Қостанайлық бала мүгедектік төлемін 7 жыл ала алмаған

02 Қазан, 2019 219 0

Қостанайда 7 жасар балаға 7 жыл бойы мүгедектік тобы қойылмаған.

26 жастағы Айсұлу Шибаева – екі баланың анасы. Ол екінші топтағы мүгедектігі үшін зейнетақы мен атаулы әлеуметтік көмек алады. Жеті жыл бұрын жол апатына түсіп, бірқатар ауыр ота өткерген. Бір жылдай төсек тартып жатқан келіншек аяққа тұрып, тіпті, екінші баласын дүниеге әкелді. 

Дәрігерлер Айсұлу Шибаеваның тұңғышына ұзақ уақыт бойы нақты диагноз қоя алмады. Оның церебралды сал ауруы бары анықталды. Бұдан бөлек, аталмыш отбасының тұрғылықты баспанасы жоқ. Сол себепті, мүгедектік тобы бойынша құжаттарды рәсімдеу мүмкін емес. Олар шешімін «Қостанай – адалдық алаңы» кеңселік жобасынан тапты. 

Оның проблемасына облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Қуаныш Бекбасов, бірқатар жауапты мемлекеттік органдар мен облыстық мәслихаттың депутаттары үн қатты. Арнайы комиссия құрылып, балаға мүгедектік тобы берілді, деп жазады ҚазАқпарат. 

«Бала жеті жыл бойы мүгедектігі бойынша төлем ала алмаған. Біздің міндетіміз – кез келген азаматтың мәселесін барынша шешіп беру. Бірнеше мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру арқылы Айсұлу Шибаеваның мәселесі бір жақты етілді. Азаматтар үшін ыңғайлы және кедергісіз орта жасау – мемлекеттік қызмет көрсетудің басымдығы. Сонымен бірге бұл отбасыға қызмет көрсететін мамандар бөлінді», - деді Қуаныш Бекбасов.


Тегтер: Қостанай, жаңалықтар, мүгедек, көмек

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.