Қайран сәйгүлік: союға апара жатқан жылқының жүрегі жарылып кеткен
Қайран сәйгүлік: союға апара жатқан жылқының жүрегі жарылып кеткен
Жылқылар бәрін түсінеді, содан ба, қасапханаға жетпей кезінде бәйгеге шапқан жылқының жүрегі жарылып өлді – деп жазады телеграм желісіндегі whatsup_qazaqstan каналы.
Бұл оқиға Алматы қаласында орын алған. Кәртейген жылқылар мініске жарамай қалған. «Газельге» артып жатқан кезде жүрегі шыдамаған жылқы қайтыс болып кеткен.
vindzor-horse.com басылымының жазуынша жылқылардың сезу қабілеті ерекше дамыған. 360 градусты түгел көретін жылқылар төніп келе жатқан қауіп пен өзіне келген қатерді сезу қабілетіне ие. Ғалымдардың мәліметінше жылқыларға мұндай қасиет миллиондаған жылдар бойғы эволюция нәтижесінде келген.
Маргрит Коатс есімді тәуіптің «Целительство лошадей» (нағыз атқұмарлар оқитын кітап) еңбегінде жылқылардың адамның ойын оқитыны және эмоцияны сезу қабілетіне ие екендігі жазылған.