Жаңалықтар

Түлкібаста күздік алма теру науқаны басталды

Түлкібаста күздік алма теру науқаны басталды

Түлкібас ауданында алма жинау науқаны басталды, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі. Түлкібас ауданы алма бау өсіруге өте ыңғайлы аудан. Аудан аумағында қазіргі таңда 76 ауылшаруашылығы тауарын өндіруші агроқұрылымдар алма бауын өсірумен айналысады. Жоғарыда айтылған шаруа қожалықтардың басым бөлігі халық арасында көп сұранысқа ие Гала, Фуджи, Голден делишес, Стар Кримсон, Легалина, Айдарет сынды алма сұрттарын өсіреді. Аталған ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер қатарында «Көктал» шаруа қожалығыда бар. Бүгінгі таңда күздік өнімін жинай бастаған шаруашылыққа аудан әкімі Нұрлан Байғұт арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты. Аталған шаруашылықтың жалпы алма бау көлемі 350 гектарды құрайды. Оның ішінде 123 гектары қарқынды бау. Бұдан бөлек 35 гектар қара өрік жемісі де бар. Қожалық маусымды жұмыспен 100-120 адамды, ал тұрақты жұмыспен 20 адамды қамтып отыр. Алма бауды аралау барысында серіктестік төрағасымен сұқбаттасқан аудан басшысы мемлекет тарапынан заң аясында қандай да бір қолдау қажет болса көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Шаруа қожалық төрағасы Бейбіт Төлешов өз тарапынан бүгінгі таңда маусымды алма теру жұмысына жұмысшылар тапшы екенін айтып, осы бағытта қолдау көрсетуін сұранды. Аудан басшысы кәсіпкердің сұранысы бойынша тиісті бөлімдерге тапсырма жүктеп, қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Айта кетейік, аудан аумағында қыс мезгілінде алманы сақтайтын сиымдылығы 12500 тоннаны құрайтың 7 жеміс-жидек сақтайтың қоймалар жұмыс жасайды. Бұл дегеніміз ауданымыздың бренді саналатын алма өнімін ұзақ уақыт сақтап, қыс, көктем мезгілдерінде осы өнімге деген сұранысты азайтады.