Серікбай Трұмов Мұнайлы ауданындағы бірнеше нысандарды аралады

29 Қыркүйек, 2019 86 0

Бүгін аймақ басшысы Серікбай Трұмов Мұнайлы ауданындағы бірнеше нысандарды аралады. Алдымен Басқұдық ауылындағы №9 орта мектепке жүргізілген жапсарлау құрылыс нысанымен және ауыл клубының жұмыстарымен танысты. 960 орынды мектепке қосымша сыйымдылығы 320 орындықты құрайтын жаңа нысан құрылысы жүргізілуде. Өңір басшысы жұмыстарды уақытылы және сапалы аяқтауды тапсырды.

Осыдан кейін облыс әкімі Атамекен ауылындағы 3 шақырымды құрайтын ауылішілік автомобиль жолының құрылысыменжәне Қаламқас тұрғын үй массивіндегі жекеменшік білім беру ұйымының жұмысымен танысты. Мектеп ордасы осы жылдың ІІ тоқсанынан бастап пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар өңір басшысы Батыр ауылындағы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынып жатқан 4 пәтерлі 40 тұрғын үйдің нысанымен және 960 орынға арналған орта мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Жаңа білім ордасы 2021 жылдан бастап пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.